
Азимбетова Айжамал Абдраймовна
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шақпақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Азимбетова Айжамал Абдраймовна 1974 жылы 09-шы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, «Қауыншы» ауылында дүниеге келген.
1980-1991 жылдары «Б.Майлин» орта мектебін алтын медальмен оқып бітірген. 1991-1995 жылдары Шымкент қаласындағы Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің физика және математика факультетінің физика және ақпараттық технологиялар бөлімін оқып бітірген.
- 1995-1996 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық № 49 мектебінде физика, математика пәндері мұғалімі болып жұмыс атқарған.
- 1996-1998 жылдары «Қазақ химия- технология университетінде» жұмыс істеген.
- 1998-2012 жылдар аралығында Қазығұрт ауданы, «Ж.Есіркепов» жалпы орта мектебінде физика, информатика пәндері мұғалімі болып жұмыс атқарған.
- 2012 жылы «Шақпақ» негізгі орта мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
- 2012 жылдың 18 сәуірінде «Шақпақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Осы ұжымда 10 жылдан аса қызмет атқарып келеді.
