14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ!
Әр көктемде келетін көрісу, амал мерекесі, жаңа жастарыңыз – баршаңызға құтты болсын! Өңірімізге берік орныққан ата дәстүр халқымыздың сағына күтетін үлкен мейрамы. Бұл өткенге салауат айтып, ескі өкпе-назды ұмытып, жақындарға амандық тілейтін қасиетті күн. Тек адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп қауышатын ғана емес, үлкендерге ізет көрсететін мағыналы дәстүр.
Шаттық пен қуанышқа толы осы күні Сіздерге бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын, әрбір оң бастамаларыңызда тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз!
Ақ бата мен молшылыққа толы мерекеден алған көңіл-күймен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы ала берейік!

