Мектеп директоры

Мектеп директоры
Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шақпақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Азимбетова Айжамал Абдраймовна 1974 жылы 09-шы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, «Қауыншы» ауылында дүниеге келген.
1980-1991 жылдары «Б.Майлин» орта мектебін алтын медальмен оқып бітірген. 1991-1995 жылдары Шымкент қаласындағы Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің физика және математика факультетінің физика және ақпараттық технологиялар бөлімін оқып бітірген.
1.1995-1996 жылдары Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық № 49 мектебінде физика, математика пәндері мұғалімі болып жұмыс атқарған.
2.1996-1998 жылдары «Қазақ химия- технология университетінде» жұмыс істеген.
- 1998-2012 жылдар аралығында Қазығұрт ауданы, «Ж.Есіркепов» жалпы орта мектебінде физика, информатика пәндері мұғалімі болып жұмыс атқарған.
4.2012 жылы «Шақпақ» негізгі орта мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
- 2012 жылдың 18 сәуірінде «Шақпақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды. Осы ұжымда 10 жылдан аса қызмет атқарып келеді.Марапаттары
- 2013 жыл. Азимбетова Айжамал Абдраймовнаға еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан жемісті еңбегі үшін, Қазығұрт аудандық мәслихатының «Алғыс хаты».
- 2014 жыл. Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты».
- 2015 жыл. Қазығұрт аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кеңесінің «Алғыс хаты».
- 2016 жыл. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Қ.Құлажановтың «Құрмет грамотасы».
- 2017 жыл. Қазығұрт ауданы әкімі Т.Телғараевтың «Алғыс хаты».
- 2018 жыл. Қазығұрт аудандық мәслихатының «Құрмет грамотасы».
- 2018 жыл. «Өрлеу» Республикалық педагогикалық ғылыми басылымының «Құрмет грамотасы».
- 2019 жыл Қазығұрт аудандық білім бөлімінен «Мадақтама»
- 2019 жыл. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының «Табысты менеджер-2019» байқауының «ІІ дәрежелі Дипломы».
10.2019 жыл. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Құрмет грамотасы»
11.2020 жыл. Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі кәсіподақ кеңесінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі.
12.2022 жыл Қазығұрт аудандық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаты».
