2-сынып 13.02.2023ж отбасылық турнир
Тәрбие жоспары 4-сынып 2022-2023 ж
Тәрбие жоспары 6 сынып 2022-2023ж
Тәрбие сағаттары 6 сынып 2022-2023ж
Тәрбие жоспары 8-сынып 2022-2023 ж
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Шақпақ» негізгі орта мектебінде Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Желбірей бер, тәуелсіздік байрағы!» тақырыбында 6-сынып жетекшісі А.Уртаева ашық тәрбие сағатын өтті.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіз елім Қазақстан» тақырыбында Мад тобының жетекшісі Қалмуратова Жібек апайымыз ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағаттың мақсаты: еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

«Шақпақ» негізгі орта мектебі. 11.02.2022ж. күні «Барлық әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»-атты апталықтың жалғасын ашық сабақтар арқылы өткізді. 6-сыныпқа информатика пәні мұғалімі Абжалиева Гули «Python тілінде, арифметикалық амалдардың жазылу ережелері»- тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Python тілінде сызықтық алгоритмдерді жазу.
Алгебра пәнінен 8-сыныпқа Артыкова Гүлзира «Квадраттық функция және олардың графигі»-тақырыбында ашық сабақ өтті.


«АНАНЫҢ ӨШПЕС ЖАРЫҒЫ» АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шақпақ» негізгі орта мектебі» КММ-де 8 наурыз мерекесіне орай сынып жетекшілер концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті арттыру; 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу;


«Шақпақ» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Балалар жылы» қарсаңында халықаралық отбасы күніне орай «Мен және менің отбасым » тақырыбында Уртаева Анипа апай 6-сынып оқушыларына ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Сабақтың мақсаты:
А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізіді балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.


Қазығұрт аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі «Шақпақ» негізгі орта мектебінде «Бір шаңырақ астында.» тақырыбында 7-8сынып жетекшісі С.Алдешова , Г.Артыкова 30.04.2022ж ашық тәрбие сағатын өтті.


