«Шақпақ» НОМ -нің информатика және математика пәні мұғалімі Абжалиева Гули «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»-атты апталықтың екінші кезеңін жалғастыру мақсатында 5-6 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»- атты спорттық- математикалық эстафета өткізді. Мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

10.02.2022ж «Шақпақ» негізгі орта мектебінің информатика және математика пәні мұғалімі Абжалиева Гули «Барлық әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» -атты апталықты жалғастыру мақсатында 7-8 сыныптар арасында «Ғажайып математика»-атты спорттық ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатысып, марапаттарға ие болды.


«Шақпақ»негізгі орта мектебінің информатика және математика пәні мұғалімі Абжалиева Гули Киргизбаевнаның бастамасымен 07.02-12.02.2022ж аралығында «Барлық әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»-атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Соңынан «Ғажайып информатика»-атты интелектуалдық ойын өтті. 7-8-9-сыныптар аралығында оқушылар үш топқа топтасып, «Компьютер»-тобы, «Антивирус» және «Интернет»-тобы болып, қатысып өздерінің білімдерін көрсетті. Іс-шара өте керемет қызықты өтті. Әділқазылар тиісті ұпайларын үш топқа беріп отырды. Орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


Жумадилова Гулдана
Абжалиева Гули
